KZ   |    RU   |    EN
  +7 (7252) 455031

Рейске тіркелу


Рейске тіркелу 

Жолаушыларға рейске тіркелу үшін келесі тәсілдер қолжетімді: 

 әуежайға келуге дейін ғаламтор арқылы   

 әуежайда тіркелу тұрынтағында

Билеттерді тіркей бастау және жолжүкті рәсімдеу уақытын әуекомпаниялар белгілейді, бұл ақпарат билетті сатып алу сәтінде жолаушыға хабарланады.

Рейс туралы өзекті ақпаратты әуежай сайтындағы «Рейстердің таблосы» және «Рейстердің кестесі» тарауларында немесе әуежайдың анықтама қызметінде +7 (7252) 45-50-31 телефондары арқылы алуға болады.


Әуежайға келу уақыты

Әуе кемесіне, ұшу бағытына және әуекомпанияға қарай, ішкі және халықаралық рейстерге тіркелу уақыты басталуы мүмкін:  

 халықаралық рейстер үшін: рейстің кетуіне дейін 2-3 сағат бұрын

 ішкі рейстер үшін: рейстің кетуіне дейін 1-2 сағат бұрын

Тіркелудің аяқталу уақыты – рейстің кетуіне дейін 40 минуттан кеш емес.
Тіркелудің басталу мен аяқталуының нақты уақытын  әуекомпания өкілеттіктерінде алдын ала білуге болады.

   Тіркелуге кешігіп келген жолаушылар ұшуға жіберілмейді! 


Онлайн-тіркелу

Сіз әуежайға келгенге дейін, алдын ала ұшақтағы өз орныңызды таңдап, ұялы телефонды, жеке компьютерді, смартфонды немесе планшетті қолданып, рейске тіркеле аласыз. Өзіңіздің әуекомпанияңыздың сайтына кіріңіз және онлайн тіркеліңіз. Тіркелудің соңында Сізге электрондық пошта бойынша немесе ұялы телефонға (SMS-хабрламада) отырғызу талонын алу ұсынылады.

Егер Сіз отырғызу талонын электрондық пошта бойынша алсаңыз, оны басып шығарыңыз. Егер мұндай мүмкіндік болмаса, тіркелу тұрғынтағында сіздің тіркеліп қойғаныңызды хабарлаңыз. Сіздің аты-жөніңіз әуекомпания базасында болады, ал отырғызу талонын басып шығару тек бірнеше секунд алады. Әуежайда Сізден отырғызу талонын көрсетуді сұрайды, сондықтан оны басып шығару қажет.

   Әуежайда Сізден отырғызу талонын сұрайды, сондықтан оны басып шығару қажет.


Әуекомпаниялар сайттарында тіркелу:


Air Astana

SCAT Airlines

  BEK Air

Трансаэро

S7 Airlines
 
Fly Dubai



Тіркелу тұрғынтақтары

Ішкі және халықаралық рейстер үшін билеттерді тіркеу және жолжүкті рәсімдеу әуежайдың бірінші қабатында тіркеу тұрғынтақтарында жүзеге асырылады.

Регистрация на полет в аэропорте Шымкент

   Халықаралық рейстермен саяхаттайтын барлық жолаушыларға кедендік және шекаралық бақылаудан өту қажет.  

Егер сізде міндетті жазбаша декларациялануы тиіс тауарлар болмаса, кеден декларациясын толтыру талап етілмейді. Мұндай тауарлар болған жағдайда, жазбаша кеден декларациясын міндетті түрде толтырыңыз. Жолаушылардың кедендік бақылау аумағына өтуі отырғызу талондары бойынша жүзеге асырылады.


Бортқа отырғызу

Рейске отырғызу ұшуға дейін 40 минут бұрын басталады және 10 минут қалғанда аяқталады. Отырғызуға өту кезінде отырғызу талонын қолыңызда ұстаңыз. Төлқұжат та қажет болуы мүмкін, сондықтан оны дайын ұстаңыз. 

Отырғызудың басталу уақыты отырғызу талонында, сонымен қатар кесте таблосында көрсетіледі.